1 класқа қабылдау хабарландыру

Хабарландырулар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасының Білм және ғылым Министрінің 2018 жылғы 12-қазандағы №564 бұйрығы негізінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1-сәуір мен 31-тамыз аралығында «еgov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті баланың тек ата-анасы ғана (заңды өкілдері) бере алады. Өтініш беру үшін ЭСҚ (электрондық-сандық қолтаңба) PDF түрінде (файлдар көлемі 5Мб аспауы тиіс) сканерлеу жолымен электрондық нысанға төмендегі көрсетілген құжаттар топтамасы болуы тиіс.
Құжаттар топтамасы:

  1. Баланың 052-2/у нысандағы денсаулық төлқұжаты
  2. 065/у нысандағы профилактикалық екпелер картасы
  3. Баланың 3х4 көлеміндегі фотосуреті

Өтінішті қабылдау тәртібі:

Бірінші кезекте КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» қызмет көрсететін аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші 3(үш) үміткер , содан соң –бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс және толық құжаттар топтамасы бар 1 (бір) үміткер оқуға қабылданады.
Өтініш бір жұмыс ішінде қаралады.

Байланыс номері:
46-05-38, 8 707 361 0345

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені»