Қамқоршылық кеңес мектептің оқу тәрбие жумысына, материалдық-техникалық базасының нығаюына және мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай 20.05.2021 ж. қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды. Қаралған мәселелер:
- Оқужылының қорытындысы.
- Келесі оқужылына мектеп ғимаратын дайындау. Қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, өз шешімдерін шығарды.
- Балалардың жазғы демалыс тарын қамтамасыз ету.
КММ «Заречный турғын алабы мектеп бала бақша кешенінде» 28.01.2021 ж. Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды. Отырысқа қатысқандар-7, қатыспағаны-2.
Қаралған мәселелер:
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтубарысы.
- Оқушыларды медициналық тексеру қорытындысы.
- Ағымдағы мәселелер. Қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдады.
KMM «Заречный түрғын алабы мектеп бала бақша кешенінде» 25.08.2021 ж. Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды. Отырысқа қатысқандар-7, қатыспағаны-2.
Қаралған мәселелер:
- Қамқоршылық кеңестің құрамымен таныстыру, жылдық жүмыс жоспарын талқылау және бекіту.
- 1-4сынып оқушыларының оқулықтармен толық қамтылуы.
- Мектепішілік АСП, аз қсмтылған, көп балалы отбасы балаларының тізімін әзірлеу.
- Мектепке жол акциясы.
- МАД және бастауыш сыныптардың сабақ кестесі.
- Қамқоршылық кеңес қүрамына жоспары таныстырылып, бекітілді.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды.
Отырысқа қатысқандар-7.
Қаралған мәселелер:
1.Оқу кабинеттерін жаңартылған білім мазмұны бойынша жабдықтауға ата аналар тарапынан демеушілік қолдау көрсету.
2.АСП, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын Президенттік,облыс,қала , Алматы ауданы әкімдігі және ҚББ-нің шыршаларға жіберілгендігі туралы.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» 26 тамыз күні қамқоршылық кеңестің №1 отырыс өтті.
- Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талдау.
- Мектеп бала бақшаның 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары мен мұғалімдер жүктемесі.
- 1-4-класс оқушыларының оқулықтармен толық қамтылуы.
- Мектепке жол акциясы.
- МАД және бастауыш кластардың сабақ кестесімен танысты.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды.
Отырысқа қатысқандар-6.
Қаралған мәселелер:
✅ 1. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапалылығын бақылау.
✅ 2. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізуге әзірлеу.
2021-2022 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жоспарына сәйкес жекелеген санаттағы оқушыларға берілетін ыстық тамақты бақылау мақсатында бұйрық шығарылып (№23 12.03.2022), комиссия құрамы құрылды.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа қатысқандар-7.
Қаралған мәселелер:
✅ 1. Оқу жылының қорытындысы.
✅ 2.Келесі оқу жылына мектеп ғимаратын дайындау мәселесі.
✅ 3.Балалардың жазғы демалысын және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
✅ 4.Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары.
✅ 5.Оқушыларды мақтау қағаздарына ұсыну.
✅ 6.Оқушыларға жазғы мектепті ұйымдастыру.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» 20 желтоқсан күні қамқоршылық кеңестің №2 отырыс өтті.
- Паспортталған оқу кабинеттерінің талапка сай жұмыс жүргізлуі, ата аналар тарапынан демеушілік қолдау көрсету.
- АСП, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын Президенттік, облыс, қала, Алматы ауданы әкімдігі және ҚББ-нің шыршаларына жіберу.
- Бракераждық комиссиясымен бірлескен түрде мектеп асханасының тағамдарының сапасын тексеру қорытындысы.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп бала бақша кешенінде» 15.03.2023ж. Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды.
№3 отырыс
- Наурыз мерекесі қарсаңында аз қамтылған, көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастыру.
- Оқушыларды медициналық тексеруден өткізуге әзірлеу.
- Ата-аналар мен оқушылар үшін мектеп әкімшілігінің қамқоршылық кеңеспен бірлескен ашық есік күнін ұйымдастыру.
Қамқоршылық кеңес мектептің оқу тәрбие жұмысына, материалдық-техникалық базасының нығаюына және мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай 22.05.2023 ж. қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды. Қаралған мәселелер:
- Оқу жылының қорытындысы.
- Келесі оқу жылына мектеп ғимаратын дайындау мәселесі.
- Балалардың жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Жазғы мектеп», «Жазғы ойын алаңын» ұйымдастыру.
2023 жылы 20-желтоқсанда КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» жоспарға сәйкес қамқоршылық кеңес отырысы өтті.
Қаралған мәселелер:
- Жылдық қорытынды есеп.
- АСП, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын Президенттік, облыстық, қала, Алматы ауданы әкімдігі және ҚББ-нің шыршаларына жіберу.
- Ыстық тамақтың берілуін бақылау.
КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» 26 тамыз күні қамқоршылық кеңестің №1 отырыс өтті.
- Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талдау
- Мектеп бала бақшаның 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары мен мұғалімдер жүктемесі.
- 1-4-класс оқушыларының оқулықтармен толық қамтылуы.
- Мектепке жол акциясы.
- МАД және бастауыш кластардың сабақ кестесімен танысты.
- 1-4 класс оқушыларының ыстық тамақпен қамтыруы.
1-қыркүйек. «Мектеп – мейірім мекені»
Директордың қамқоршылық кеңес алдында берілген жылдық есебі
Мен басшылық етіп отырған мектептің негізі 1990 жылы мектеп-бала бақша болып қаланып, жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда мектеп қaбырғасында 1-4 класта 95 oқушы білім алуып, мектеп алды даярлықта 39, бала бақшаның екі тобында 41 бала тәрбиеленуде.
Мектепте 1-4 сыныптар аралығында 5 класс комплект және 2 мекталды даярлық класы бар. Оқыту тек бір тілде , мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі. Сабақ екі ауысымда өткізіледі. Білім сапасы –66 пайыз. Оқу озаты-19, екпінділер-27 оқушы .
Мектепте 3 оқу кaбинетi бар, үш кабинетте де интерактивті тақта орнатылып, интернет желісіне қосылған. Әр кабинетте оқушылар киім ілетін шкафтар орнатылған.
Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны-34, оның 17-педагог қызметкерлер, 17- кіші қызметкерлер (4 қызметкер маусымдық қызметкер).
Оқу жылының басында оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі тарифтик кестеге сай бөлінді. Барлық сағаттар мұғалімге бөлініп берілді.
4 мұғалімге – 16 сағат;
1 мұғалімге –14 сағат;
3 мұғалімге – 6-10 сағат.
Сонымен қатар 1 директор, 1 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 1 қосымша білім бері педагогі, 0,5 жүктеме тәлімгер, 0,5 жүктеме психолог, 4 тәрбиеші жұмыс жасайды.
Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жоспарлы жүргізіледі. Педагогтардың барлығы жоғары білімді, өз білім-білік дағдыларын уақытылы жетілдіріп отырады.
Мектепте қызметкерлердің аттестаттау тәртібі сақталады. Педагог қызметкерлер жаңа форматта аттестаттаудан өтіп, біліктілік санатын уақытылы дәлелдеп отыр. 4-зерттеуші, 5-сарапшы, 7-мадератор,1-санатсыз
Оқу жылының басында мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ кестесі, ауысым кестесі, еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтары және мекеме Жарғысымен жүктелген міндеттемелер таныстырылып бекітілді. Мектеп ішіндегі кезекшілік кестесі де бекітілген, қадағаланып отырады. Мектеп ғимаратында 48 ішкі және сыртқы бейне бақылау орнатылған, Мектепте ішкі дәретханалар жұмыс істейді. Мектеп санитарлық нормаларға сай жұмыс атқаруда.
Қызметкерлердің еңбек ақысы ай сайын кешіктірілмей лауазымдық жалақыға және сәйкестендірген санаттары үшін белгіленген разряд бойынша төленеді. Туындаған сұрақтар мектеп есепшісімен түсіндіріледі.
Қызметшілер мен педагогтарға лауазымдық міндетін жауапкешілікпен атқарғаны, шығармашылық белсенділігі үшін алғыс жариялау , мақтау қағазымен марапаттау үшін қалалық білім бөліміне ұсыныстар беріледі.
Мектепте оқу жылының басында кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, бекітілді. Қызметкерлермен таныстырылып, инструктаждық журналдар жүргізіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс атқарады. Жылына бір рет тегін дәрігерлік тексеруден 100% өтеді.
Қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейіндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтиды. Жоғарыда аталып өткендей біздің мектебімізде бала саны аз. Соған орай бөлінетін қаржы көлемі де аздық етеді. Бөлінген қаражаттан жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері, ыстық тамақ, мектепке қажеттінің барлығы қарастырылады. Сонымен қатар оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне биылғы оқу жылында қарастырылған қаражатқа — 7 оқушы жіберілді.
973.608 тенге көлеміндегі қаржы аз қамтылған отбасы балалары үшін киім-кешек алу мақсатына ата-аналардың счетына аударылды.
Былтырғы оқу жылында бала қауіпсіздігін қорғау мақсатында турникет орнатылды және мектепке қажетті құралдар, бала бақша топтарына төсек-орын жабдықтары, ойыншықтар алынды. жаңартылған болатын. Биылғы жылы мектеп қажеттілігіне орай 2 тоңазтқыш, түрлі-түсті принтер, бала-бақша топтарына үстелдер, орындықтар, ойыншықтар жиынтығы, мұғалімдерге үстел, орындық, еір жуғыш машинасы алынды.
Жалпы мектеп бойынша жағдай қалыпты. Туындаған күрделі, шешілмеген сұрақтар болған жоқ.