Ата-аналармен жиналысы

«Заречный тұрғын алабы меткеп-бала бақша кешені»
КММ-де «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында ата-аналар мен педагогтер жиналысы өтті.

 

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша 2024 жылдың 15 қазан күні ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Сапалы ұйқы-балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы » тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау
факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Ата –аналармен «Біз біргеміз» тренингі өткізіліп, ұйқының фазалары және маңызы туралы мағлұматтар берілді. Топтық жұмыс барысында ата-аналар дұрыс ұйқы ережелерін құрастырды. Ата-аналарға әр түрлі тақырыпта жағдаяттар беріліп, одан шығу жолдары талқыланды. Ата –аналардан «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы алынды.
Өкізген: бастауыш класс мұғалімі:Желтауова Г.К

 

«Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені» КММ-де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қоғамға қызмет» волонтерлік жобасының жоспарына сай «Күзгі жәрмеңке» ұйымдастырылды.

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені»