Мектептегі тамақтандыру

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп – бала бақша кешені» бойынша Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын бақылау туралы анықтама

2021-2022 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жоспарына сәйкес жекелеген санаттағы оқушыларға берілетін ыстық тамақты бақылау мақсатында бұйрық шығарылып (№23 12.03.2022), төмендегідей комиссия құрамы құрылды;

  1. Мурзагелдина М.К. диетсестра;
  2. Турланова М.А. қосымша білім беру педагогі;
  3. Айдосова Г.К. қоймашы;
  4. Ануарбек Г.А. қамқоршылық кеңестің төреайымы;
  5. Кудайбергенова У.А. қамқоршылық кеңес мүшесі;
  6. Мустапаева Ф.Д. қамқоршылық кеңес мүшесі.

15.03 — 17.03.2022 жылы, аралығында бақылауға кесте жасалып, бекітілді.

Аз қамтылған және көп балалы оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес аз қамтылған және көп балалы оқушыларын тамақтандыру саласы тексерілді. Тексеру барысында асхана іші таза, ыдыстар ағымы сақталған. Оқушылар тамақ ішер алдында қолдарын жуады. Тамақ ас мәзіріне сай жасалған.

Тексерілген кезде аз қамтылған және көп балалы оқушыларының тізімі, толық іс – құжаттарының жүргізілуі бақыланды. Тексеру барысында асхана гигиеналық талапқа сай, тамақтанатын үстелдері және отырғыштары жеткілікті, іші таза, кесте бойынша ас мәзірі бар, тамақтың құрамы коэффицент сақталған.

Қорытынды: 15.03-17.03.2022жылы ыстық тамақты тексеру бойынша, тамақтың коэффиценті сақталған, гигиеналық талапқа сай. Аз қамтылған және көп балалы оқушылар ыстық тамақпен қамтылған.

Ұсыныс: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы қанағаттандырылып, бақылау жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып отырсын.

Қамқоршылық кеңес мүшелері 1-4 класс оқушыларына ыстық тамақтың берілуіне жоспарға сәйкес бақылау өткізді. Ыстық тамақтың берілуі мен ас мәзірі талапқа сай.

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп -бала бақша кешенінде» қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болды.
Отырысқа қатысқандар-6
Қаралған мәселе:
1.Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапалылығын бақылау.
2022-2023 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жоспарына сәйкес жекелеген санаттағы оқушыларға берілетін ыстық тамақты бақылау мақсатында бұйрық шығарылып ( #94.1 16.11.2022) комиссия құрамы құрылды.

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені»4 қыркүйектен бастап 1-4 класс оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп асханасының санитарлық
жағдайын және 1-4 сынып оқушылары мен
жекелеген санат оқушыларының ыстық тамақпен қамтылу жайын тексерді. Тексеру кезінде күнделікті ас мәзірінің 2 апталық, перспективалық, ас мәзіріне сәйкестігі, күнделікті ас сынамаларының сақталуы, оқушыларға берілетін тамақ нормасының орындалуы қаралды.

Мектеп асханасына бракераждық комиисия мүшелері жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, оқушыға берілетін тамақтың өлшемі мен сапасына тексеріс жүргізді.

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені»