Әдістемелік жұмысы

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 22 сәуірінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс ұйымдастыру» атты шебер класс өтті. Семинарды қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Г.У. Мендалина мен мектеп директоры Ш.А.Сейлханова ашты. Заречный мектеп-бала бақша оқу-тәрбие ісінің орынбасары К.Т. Есбергенова шебер кластың жоспарымен таныстырды. Мектептің бастауыш класс мұғалімі Ж.Б.Муханбетова қашықтықан оқытуда «LeorningApps.org» платформасында тиімді кері байланысты ұйымдастыру туралы өз іс-тәжірибесін ортаға салды. «LeorningApps.org» атты сервизге тіркелу жолы, өз бетімен жаттығулар құру, тиімді кері байланыс алу жолдарын түсіндіріп өтті. Семинардың қорытынды бөлігінде Г. А.Садықова рефлексия жүргізді. Семинар қатысушыларынан кері байланыс алынды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарапынан “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік эксперимент жұмысы жалғасын табуда.
2022 жылдың 13 қаңтары күні эксперимент алаңы ретінде жаңадан бекітілген КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенінде» эксперименттің жүргізілу барысы, алдағы жоспарлар және күтілетін нәтижелер бойынша семинар өткізілді. Модератор, аға оқытушы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова мен Ақтөбе қаласы №10 ЖББОМ директорының орынбасары С.Қ.Бакиева педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту мақсатындағы тәжірибе қызметі мен мүмкіндіктеріне, тиімді стратегиялар таңдау мен эксперимент нәтижелеріне жету жолына жасалатын жұмыс жоспарларына тоқталды.
Педагогтер семинар соңында тәжірибе мазмұнына негізделетін кері байланыстар ұсынды.

Бастауыш класс мұғалімі Муханбетова Жанат Бакытжановна «Цифрлық білім беру ресурстары» атты тақырыпта қалалық шебер кластың екінші отырысын жүргізді.

Шебер класты қалалық білім беру ұйымының әдіскері Медеуова А.С мен мектеп балабақша директоры Сейлханова Ш.А ашты.
Оқу-тәрбие ісінің орынбасары Есбергенова К.Т. шебер кластың жоспарымен таныстырды.

Шебер класта Муханбетова Ж.Б 1-теориялық бөлімінде «Цифрлы білім беру ресурстары» атты тақырыпта баяндама тыңдалса,
2-практикалық бөлімінде»Gooqle jamboard»онлайн тақтасын пайдалану тәсілдерін түсіндірді.

Шебер класқа қала мектептерінен 62 мұғалім қатысып, тәжірибе бөлісті.Кері байланысқа түсіп,ризашылықтарын білдірді.

27 қаңтар күні «Өрлеу» Атырау филиалы «Педагогтердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы өз бетімен білім алудың жолдары» тақырыбында аймақтық oniine семинар өтті. Аймақтық семинар жұмысында 15 педагог өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, құнды, жаңаша пікірлерін ортаға салды.Осы семинарға мектебіміздің директордың ОТІЖ орынбасары К.Т. ЕСбергенова мен бастауыш класс мұғалімі Г.М.Альмаханова «Өзіндік білім көтеру-мұғалімнің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы» тақырыбында баяндама жасап әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, алғыс хат иеленді.

КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені»